Жаңалықтар

Өзбекстанда жүкті әйелдер мен балалы аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынды

Өзбекстанда жүкті әйелдер мен баласы барларды жұмыстан шығаруға тыйым салынды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы kun.uz сайтына сілтеме жасап.

Заңда сондай-ақ «Бірыңғай ұлттық еңбек жүйесі» ведомствоаралық кешені арқылы еңбек шарттарын электронды тіркеуге көшу қарастырылған, бұл жұмысқа қабылдау рәсімін жеңілдетуі тиіс.  

Сонымен қатар, орташа жалақыны есептеу, жалақысы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы, қызметкерлерді кешкі немесе сырттай оқуға оқыту ережелері нақтыланды.

Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.