"Миллион раушан гүлі" әні немесе шығу тарихы

21 Наурыз, 2020 695 0

Ресейдің примаддонасы Алла Пугачеваның орындауындағы "миллион раушан гүлдер" әні өмірден алынған оқиға. Әннің мәтініндегі кейіпкерлер шынайы өмірде болған жандар. 
Нико Пиросмани ХІХ-ХХғасырда өмір сүрген грузин суретшісі. Ол қарапайым халықтың өмірін қағаз бетіне түсіретін суретші болған. Ол негізінен грузин асханасы, мерекелік дастархан, шаруаның өмірі сынды қарапайым өмірді суреттеген. Көзі тірі кезінде керемет атаққа қол жеткізбеген. Сондықтан да жейтін тамағы мен сурет салуға бояуларын сатып алуға, кез-келген жұмыс істеп күн көрген. 
Бір күні Грузияға француздық Маргарита де Севр атты актриса гастрольдік сапармен келеді. Сұлулығына тәнті болған суретші есінен тана ғашық болады. Пиросмани қызға ұнау үшін қолынан келгенін істеп бағады. Маргаританың суретін де салса да, қыз оның махаббатына жауап қатпады. Сөйтіп ол барлық жиған-терген ақшасына Тбилисидегі гүлдердің бәрін арбаға тиеп, үйіне барады. Қыздың жүрегін бұл әрекеті де жауламады. Ал жауапсыз қалған махаббатының салдары өмірінің соңын жоқшылықта өткізуге әкеліп соқтырады.
Бірнеше жылдан соң Пиросмани өзінің суреттері арқылы танымал бола бастайды.
Пиросманиді Грузияда мемлекетінің мәдениетіне үлес қосқаны үшін мақтан тұтады. Сондай-ақ оның портреті ақша банкнотында бейнеленген. Бұл әннің мәтіні қазақшаға аударылып, әнші Мейрамбек Беспаев орындап жүр.

Тегтер: Грузия, миллионалыхроз, МейрамбекБесбаев, АллаПугачева

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.