Жаңалықтар

Қазақстанның ірі қалаларында бүгінгі ауа райы қандай болады?

Астана, Алматы мен Шымкенте 15 ақпан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 2 градусқа дейін көтеріліп, түнде -7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,3 м/с болмақ.

Астанада синоптиктер болжамынша, күн қара бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -4 градусқа дейін жетіп, түнде -19 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,8 м/с болады.

Шымкентте бүгін қар мен жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 4 градусқа дейін жетіп, түнде -2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 4,5 м/с деңгейінде болмақ.