Мәскеуде екі апталық сәбиді сатпақ болғандар ұсталды
Мәскеуде екі апталық сәбиді интернет арқылы сатпақ болған күдіктілер ұсталды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы oxu.az сайтына сілтеме жасап.
Мәліметтерге сүйенсек, тәртіп сақшылары заңсыз мәміле туралы интернеттен біліп, сатушылардың өздеріне хат жазған. 14 ақпанға қараған түні полицейлер қылмыскерлерді баланы сатып жатқан жерінен ұстады. Сәбидің дүниеге келгеніне небәрі 14 күн болған. Қазіргі уақытта оған қауіп төніп тұрған жоқ, дәрігерлердің бақылауында.