Әлем

Ресейде шахта опырылып, екі адам қаза тапты

Ресейдің Пермь облысындағы Соликамск қаласында калий кенішінің опырылуы салдарынан екі адам қаза тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz

Шахтаға иелік ететін «Уралкали» компаниясы оқиға  ОҚРУ-3 шахтасында оқпандағы тексеру жұмыстары кезінде болғанын хабарлады. Жұмысшылар төсеніште тұздың жиналуы салдарынан қаза тапты.

Мәліметтер бойынша, апаттың себептерін анықтау үшін комиссия құрылып, компанияның өндірістік нысандары әдеттегідей жұмыс істеп жатыр.