Түркияның Измир қаласында әйел өз баласын теңізге лақтырып жіберді
Түркияның Измир қаласында әйел бір жасар баласын теңізге лақтырып жіберді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Ақпаратқа сәйкес, оқиға Бенгилер ауданында болған. Сөйтіп, 30 жастағы әйел сәбиімен бірге теңізге барып, оны суға лақтырып жіберген. Бұл туралы куәгерлер бірден құқық қорғау органдарына хабарлап, әйел ұсталды.
Жергілікті тұрғындар баланы судан шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.