Әлем

Таиландта 85 жастағы әйел өзінің жерлеу рәсімінде қайта тірілді

The final spritzer

Таиландтың Бурирам провинциясында 85 жастағы Пхуа Срифадунг өзінің жерлеу рәсімінде «тірілді». Әйел өлді деп жарияланғаннан кейін 40 минуттан кейін оянған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Фуа Срифадунг оның денесін діни рәсімдер өтетін ғибадатханаға тасымалдауға дайындалып жатқанда есін жиды.

Ақпаратқа сәйкес, Шрифадунг ес-түссіз жатқан жерінен табылып, ол өлді деген болжам бар. Әйелдің туыстары мәйітті тасымалдау үшін құтқару қызметіне хабарласқан. Алайда, шамамен 40 минуттан кейін ол кенеттен тұрып, отбасы мен көршілерін таң қалдырды.