Қылмыс

Астанада жасөспірім 5 жасар баланы пышақтады

Кеше елордадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде 14 жастағы жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақтаған

Нәтижесінде, жасөспірім қылмыскердің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.

Бұл мәселе бойынша Ақмола облыстық адвокаттар алқасының заңгері, адвокат Нұрлан Жанабаев өз пікірін білдірді.

Заңгердің айтуынша, Қазақстанның қылмыстық заңнамасында 14 жастан бастап жасөспірімдердің жауапкершілігі қарастырылған.

"Егер оның кінәсі дәлелденсе, жасөспірім бас бостандығынан айыруды қоса алғанда, жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл жағдайда тергеу органдары жасөспірімнің ақыл-есінің дұрыстығын анықтау үшін тиісті сараптамалар жүргізеді. Сонымен қатар, сот оның жасын және психикалық жағдайын ескереді”, - деп түсіндірді Жанабаев