Түркия Эгей теңізіндегі жер сілкінісі кезінде цунамиге дайындықты бастады
Түркияның Бодрум аймағында Эгей теңізінде жалғасып жатқан жер сілкіністеріне байланысты цунами қаупін ескерту үшін сирена жүйесі орнатылды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Өңірге әртүрлі провинциялардан AFAD топтары келді. Сеферихисар, Дидим және Датча жағалауындағы аймақтарда да азаматтарды ескерту жүйелері орнатылды.
Айта кетелік, Эгей теңізінде қаңтар айының соңынан бері жер сілкінісі жалғасуда. Жер сілкінісін әсіресе Грекияның Санторини (Тира) аралының тұрғындары сезді. Соңғы аптада аралдың 15 мың тұрғынының 13 мыңы кетіп қалған.