Анталияда суретке түспек болған ресейлік турист жардан құлап кетті
Анталия курорттық қаласында ресейлік әйел жардан құлап кетті. Бұл туралы Түркияның Habertürk телеарнасы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Телеарнаның хабарлауынша, зардап шеккен Ресейден келген турист 28 жастағы Наила Вохидова. Мұратпаша аймағындағы жартастарда суретке түспек болған ол тепе-теңдігін жоғалтып, тасқа құлаған. Ресейлік әйел аяғынан жарақат алып, ауруханаға түскен.