Әлем

Татарстанда түрмедегі жасөспірімдердің тағдыры туралы фильм түсірілмек

Татарстанда колонияларда жазасын өтеп жатқан кәмелетке толмағандар туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Татарстанның Жастар істері министрі Ринат Садықов өзінің Telegram-каналында мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Министрдің айтуынша, 4,5 мыңға жуық жасөспірім түрлі есепте тұрса, олардың біразы кейіннен түзеу мекемелеріне түседі. Садықов деструктивті құбылыстардың алдын алудың маңыздылығына тоқталып, бұл салада ата-ананың қолдауы қажет екенін атап өтті.