Түркия шетелдік студенттер санын 500 мыңға жеткізуді жоспарлауда
Түрік билігі шетелде түрік университеттерінің кампустарын, факультеттерін және жеке академиялық бағдарламаларын ашуды ынталандыруды жалғастыруда,- деп хабарлайды newsroom.kz
Бұл туралы Түркия Жоғары білім кеңесінің (YÖK) төрағасы Эрол Озвардың YÖK сайтында жарияланған мәлімдемесінде айтылған.
Оның айтуынша, шетелдік бағдарламалар аясында технологиялық пәндер, техника, медицина және нақты ғылымдарға ерекше басымдық берілмек.
YÖK басшысы шетелдік жастарды түрік университеттеріне тарту мақсаттарымен де бөлісті.
«Түрік университеттеріндегі шетелдік студенттер санын қазіргі 350 мыңнан 500 мың адамға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, бұл біздің еліміздің әлемдік шетелдік студенттер көлеміндегі үлесін 6,25 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді»,- деді Эрол Озвар.