Мәскеудің шығысындағы бұрынғы Электрозавод ғимараты өртке оранды
Мәскеудің шығысындағы бұрынғы Электрозавод ғимаратында өрт шығып, сегіз адам зардап шекті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтер бойынша, 90-нан астам адам құтқарылды, 120 адам өз күшімен эвакуацияланды.
Айта кетелік, өрт 5 қабатты ғимараттың бірнеше қабатын шарпыған. Оқиға орнында 60-тан астам өрт сөндіруші мен 16 бірлік техника жұмыс істеуде.