weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
9 ақпан, 2025 / Перизат Ілес / Әлем

Ыстамбұлда жалған алкогольден 70 адам көз жұмды

Ыстамбұлда қаңтар айының ортасынан ақпан айының басына дейін жалған алкогольді ішу салдарынан 70 адам қаза тауып, 150-ден астамы медициналық көмекке жүгінген,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ыстамбұлда жалған алкогольден 70 адам көз жұмды
Фото: Minval.az

"14 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Ыстамбұлда жалған алкогольді ішу салдарынан 70 адам қайтыс болды, 150-ден астамы ауруханаға жатқызылды",- деп мәлімдеді қала губернаторы.

Мәліметтер бойынша, алкоголь өнімдерін заңсыз өндірумен және айналымымен күресу шаралары барысында 190 адам ұсталып, оның 11-і қамауға алынды.