Австралиялық азамат өз бақшасынан 100-ден астам улы жыланды тапты
Сиднейлік ер адамның ауласынан 102 улы жылан табылған,- деп хабарлайды newsroom.kz
Үш сағаттық жұмыста жұмыртқадан басқа, ересектер де, өте кішкентайлар да 102 жылан табылған.
Австралия заңы бойынша, жыландар ұсталған жерден 20 км радиуста жабайы табиғатқа шығарылуы керек. Ол үшін Корольдік ұлттық саябақты таңдау ұсынылады.