8 ақпанға арналған ауа-райы болжамы
Синоптиктер 2025 жылдың 7-9 ақпаны аралығында Қазақстанның үш ірі қаласындағы ауа райы туралы болжам жасады,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі
Астана қаласы
8 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 10-12 градус аяз.
Алматы қаласы
8-9 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Шымкент қаласы
8 ақпан: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 10-12 градус жылы.