Sportroom

Хоккейден әйелдер құрамасы триумф жасады

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азиада-2025 ойындарында жеңіске жетті,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі 

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңіндегі кезекті матчында жеңіске жетті. 

Ұлттық құрама Тайбэй командасын ірі есеппен ұтты. Қазақстандық спортшылар қарсылас қақпасына бес шайба соғып, өз қақпасына тек бір ғана шайба жіберді.

9 ақпанда ұлттық құрама Оңтүстік Кореямен кездеседі.