7 ақпанда Астанада ауа-райы қандай болады?
Қазгидромет Астанадағы 7 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады
7 ақпанда Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, аздаған қар жауады, боран соғады,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.
Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -19...-21°C, күндіз -12...-14°C аяз.