Түркия халқы 2024 жылы 85 миллион 600 мыңнан асты
Түркия Статистика мекемесінің (TÜİK) деректеріне қарағанда Түркия халқы 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 292 567 артып, 85 664 944-ке жетті,- деп хабарлайды newsroom.kz
TÜİK мәліметі бойынша, 2023 жылы ел халқының саны 85 372 377 болды.
Ерлердің үлесі 50,02 пайызды (42 853 110 адам), әйелдердің үлесі 49,98 пайызды (42 811 834 адам) құрады.
Халықтың жылдық өсу қарқыны 1000 адамға шаққанда 2023 жылы 1,1 промилле болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 3,4 промиллеге дейін өсті.
Егер 2023 жылы провинциялар мен уездік әкімшілік орталықтардағы тұрғындардың үлесі 93 пайызды құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 93,4 пайызға өсті. Ауыл тұрғындарының үлесі 7 пайыздан 6,6 пайызға төмендеді.
Түркияда тұратын шетелдіктердің үлесі 2024 жылы өткен жылмен салыстырғанда 89 996 адамға азайып, 1 480 547-ге жетті. Бұл халықтың 48,3 пайызы ерлер, 51,7 пайызы әйелдер.
Ақпараттар бойынша, оқу, туризм, ғылыми зерттеу мақсатында 90 күннен аз мерзімге визасы немесе тұруға рұқсаты бар шетелдіктер, сондай-ақ елдегі уақытша қорғау мәртебесі бар сириялықтар халық қатарына кірмейді.