Қылмыс

«Сөмкесінің бауына асқан»: Шымкентте 20-жасар жігіттің денесі табылды

Еліміздің оңтүстігінде жас жігіттің өлімі тіркелді

20 жастағы жігіт Шымкенттен 15-қаңтар күні көлік құжатын алуы керек болған. Алайда, жігіттің денесі араға 21 күн салып көшенің бойында асулы күйінде табылған,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі 

"Төлеметов көшесі жақтан табылды, 21 күн дегенде. Сол уақыт бойы асылып тұрмаған. Болса сол 20-күндері көз жұмған. Оған дейін ондай болмаған. Егер 20 күн бойы тұрса еттің бәрі іріп-шіріп кетеді ғой. Баланың денесі қазір сараптамада. Өзінің сөмкесінің бауына асылған. Ол енді аса салмақ көтермейді. Қолдан жасалған деп ойлаймын өзім”, – дейді Бәйдібек Еділбектің ағасы.

Жоғалған жігіттің жақындары полицияның соңғы екі-үш күнде ғана іздеуді күшейткенін айтады.

“Полицейлер соңғы 2-3 күнде жұмыс істеді. Оған дейін қимылдамады. Камерасының бәрін өзіміз қойып беріп отырдық. Оған дейін полициядан хабар болмады. Білгеніміздей Шымкенттегі камераның 5 пайызы ғана бақылап, қалған 95 пайызы айыппұлға жауап береді екен”,– дейді қайғыдан қан жұтқан Бейбарыстың ағасы.