«Зорланған қыздарым өздері кінәлі»: Әйелі күйеуін жақтап шықты
Өзінің екі өгей қызын зорлап келген ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, аналары күйеуін жақтап, қыздарына мін тақты.
Осыдан 1,5 жыл бұрын елімізде жан түршігерлік оқиға орын алды. Екі өгей қызына қатар зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсеткен ер адам 20 жылға бас бостардығынан айырылды,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.
Бұл ақпаратпен #НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Тансари өзінің Telegram-парақшасында бөліскен болатын.
Оқиға былтырғы жылдың сәуір айында болған. Қордың айтуынша, қылмыскер бұған дейін педофилиямер ұсталып, 6,5 жылға ғана абақтыға қамалған. Кейін, 1,5 жылдан соң темір тордан босап, екі қызы бар әйелге үйленген.
Қыздардың өгей әкесі оларға еш жерлері ауырмайтынын айтып, жыныстық қатынаспен айналысуға мәжбүрлеген.
Ал, екі қыздың анасы өз қыздарына жала жауып, күйеуін бұл әрекетке түсуіне балаларының азғырғанын айтты.
Бүгінгі күні, қордың көмегімен әділдік орнап, қылмыскер 20 жылға бас бостандығынан айырылды.