Швецияда мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Швецияның Оребро қаласындағы мектепте болған атыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Полиция шабуылдың Рисбергска ересектерге арналған білім беру орталығының кампусында болғанын растады.
4 ақпанда белгісіз ер адам Оребро қаласындағы мектеп алаңында оқ жаудырған. Шабуылдан 10 адам қаза тапты, оның ішінде қылмыскер де бар.
Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон Оребродағы оқиғаларды ел тарихындағы ең сорақы жаппай атыс деп атады.