Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамалды
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ
ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған. Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды. Сотта К., оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді. 434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ, - делінген хабарламада.
Соттың мәліметінше, жауаптылықты ауырлататын мән-жай мас күйінде құқық бұзушылық жасау болып анықталды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде К.-ға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлайды қалалық сот.
Еске сала кетсек, осыған дейін әншіге 17 жастағы курьердің жыныс мүшесін ұстады деген айып тағылған болатын