Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Әлем елдерінде ҚҚС мөлшері қанша пайыз?

Әлемнің 170-тен астам елі тауарлар мен қызметтерге ҚҚС алады. Олардың кейбіреулері төмендетілген мөлшерлемелерді қолданады және кейбір тауарлар мен қызметтерді салықтан босатады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Әлем елдерінде ҚҚС мөлшері қанша пайыз?
Фото: Kursiv.kz

Құрама Штаттарда ҚҚС жоқ, бірақ сатудан алынатын салық бар.

Салық қорының мәліметі бойынша, 2024 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша Еуропалық Одақтағы ҚҚС орташа стандартты мөлшерлемесі 21,6%- ды құрады. ЕО-да мүше елдерде ҚҚС мөлшерлемелері 15%-дан төмен болмауы керек деген ереже бар.

ЕО-да ҚҚС ең жоғары мөлшерлемелері Венгрияда (27%), сондай-ақ Хорватияда, Данияда және Швецияда (әрқайсысында 25%) белгіленген.

Германияда ҚҚС мөлшерлемесі 19%, Испанияда 21%, Италияда 22%- ды құрайды.

PricewaterhouseCoopers мәліметтері бойынша, 20% ҚҚС ставкасы Армения, Болгария, Түркия және Ұлыбритания сияқты елдерде әрекет етеді. Ресейде ҚҚС стандартты мөлшерлемесі де 20%- ды құрайды.

Өзбекстан, Қазақстан және Филиппин елдерінде қосылған құн салығы 12 пайызды құрайды.

10% ҚҚС Моңғолия мен Вьетнамда қолданылады, ал Таиландта бұл мөлшерлеме небәрі 7%-ды  құрайды.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату