Ташкент базарларындағы жалға алу бағасы қымбаттауы мүмкін
Ташкент әкімдігі базарлардағы жалдау ақысы мен бір реттік төлемақыны көтеруді ұсынды. Жарияланған қаулы жобасына сәйкес, алымдарды шамамен 30%-ға арттыру көзделген,- деп хабарлайды newsroom.kz
Атап айтқанда, жеміс-жидек сатушылар үшін жалға алу ақысы 22 пайызға, көкөніс сатушылар 21 пайызға, азық-түлік сатушылар 26 пайызға артады. Құрылыс материалдарын сатушылар үшін өсім 27%, автокөліктер - 25%, мал - 25% болады. Ең көп өсім (29%) базарлардағы жөндеу қызметтерінде күтілуде.
Айта кетейік, бұл Өзбекстандағы жылдық инфляцияның 2025 жылдың қаңтарында 9,89%-ға (бір жыл бұрынғы деңгейден 1,31%-ға жоғары) өсуі аясында болып отыр. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,8%-ға, көкөністер 6%-ға, сондай-ақ май және май өнімдері, балық өнімдері, жаңғақтар (1%-дан астам) қымбаттады.