Жаңалықтар

Астанада полицей жаттығудан кейін мерт болды

Астана ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала анықталғандай, күштік жаттығудан кейін залдан шыққан ер адам есінен танып қалған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шараларды жүргізгенімен, оны құтқару мүмкін болмады. Медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі миокард инфаркті болған. Қызметкердің қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады ведомство.