Жаңалықтар

Қырғызстанда картоп қоры жеткілікті

Ошта бағаны тұрақтандыру шаралары қабылданғаннан кейін картоптың көтерме бағасы 60-тан 49 сомға түсті. Бұл туралы Бақыт Торобаев мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz

«Қазір елімізде картоптың жеткілікті қоры бар. Фермерлер оны жертөледе сақтайды. Базарға келген соң делдалдар бағаны 75 сомға дейін шарықтатады. Оларға қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады. «Қазір картоп экспортына тыйым салу мәселесі қарастырылуда», - деді Бақыт Торобаев.