Өзбекстан халқының саны 37,6 миллионға жетті
Өзбекстан халқының саны тұрақты өсуде. Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Статистика агенттігі мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
2025 жылдың 3 ақпанында сағат 20:20-дағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 37 600 339 адамды құрады, бұған дейін халықтың айлық өсімі орта есеппен 54,4 мың адамды құрап, тәулігіне шамамен 1,8 мың адамды құрайтыны хабарланған болатын.
Мәліметтерге сәйкес, жалпы өсімге қарамастан, Өзбекстанда 2024 жылы бала туу көрсеткішінің аздап төмендеуі байқалды. Бір жыл ішінде 926,4 мың бала дүниеге келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35 мыңнан астам балаға аз.