Парижде дәрігерлер шеруге шықты

Парижде дәрігерлер шеруге шықты

ашық дереккөзі

Париждің солтүстік-шығысында дәрігерлер шеруге шықты, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі «Хабар 24» сілтеме жасап.  width= Себеп – ел үкіметінің денсаулық сақтау жүйесіне жеткілікті көңіл бөлмеуінде. Сөйтіп, ондаған медицина қызметкерінің қатысуымен басталған бұл іс-шара кейін ірі наразылық акциясына ұласты. Өйткені дәрігерлерден бөлек, оған тағы 200-ге жуық өзге шеруші келіп қосылды. Жалпы, бұл шеру ел президентінің қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіне қатысты уәдесінен кейін өтіп отыр. Айта кетейік, ел президенті Макрон осы салаға арналған ауқымды инвестициялық жоспар дайындаймын деп сөз берген еді.

Жүктелуде...