Жаңалықтар

Маңғыстаудағы балабақшада балалар тамақтан уланған

Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында балабақшалардың бірінің тәрбиеленушілері жаппай астан уланған. Дерек бойынша 37 бала өздерін жайсыз сезінген, кейбіреуі ауруханаға жатқызылған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлердің көмегіне 37 бала жүгінген. 

– Жедел-жәрдем қызметіне Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылы тұрғындарынан 31 қаңтар күні сағат 20:13 те шақыру түскен. Олар іш тұсының ауырсынуына шағымданған. Жедел-жәрдем қызметкерлері тұрғындарды тексеріп шыққан. Дәрігердің көмегіне жүгінген 37 адамның төртеуі, бір ересек пен 3 бала ауруханаға жатқызылды. Қалғандары амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді. Қазір балабақша жабық, – делінген хабарламада.