Жаңалықтар

Қазақстанның мегаполистерінде бүгін ауа райы қандай болады?

Астана, Алматы мен Шымкенте 4 ақпан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -3 градусқа дейін көтеріліп, түнде -16 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,4 м/с болмақ.

Астанада синоптиктер болжамынша күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -4 градусқа дейін жетіп, түнде -15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,9 м/с болады.

Шымкентте бүгін күн бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 5 градусқа дейін жетіп, түнде -4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,2 м/с деңгейінде болмақ.