Білім

Биыл 200-ге жуық мектептің құрылысы жүзеге асырылады

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметтерге сүйенсек, елімізде 510 мың оқушы орнына  арналған 422 мектеп салынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді.  Бұл 32 апатты және 71 үшауысымды мектеп мәселесін шешіп, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығын жоюға мүмкіндік берді.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының желісі бойынша 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 89  мектептің құрылысы қаржыландырылды. 2024 жылы 80 мыңнан астам педагог біліктілікті арттырудың тегін курстарынан өтті. Оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымды оқыту және апаттық мектептер мәселесін шешу, сондай-ақ қалалар мен ауылдар арасындағы білім беру инфрақұрылымы сапасының айырмашылығын азайту мақсатында елімізде мектеп құрылысын жүргізу және реновациялау бойынша бастамалар қарқынды іске асырылуда,- деп мәлімдеді Оқу- ағарту министрлігі. 

Айта кетелік, 2025 жылы 300 мың орындық 200-ге жуық мектептің құрылысы жүзеге асырылады.