Әлем

Қырғызстанда қоқыс жәшігінен табылған сәби ауруханада қайтыс болды

Бішкекте мектеп оқушылары қоқыс контейнерінен тауып алған қыз ауруханада көз жұмды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметтер бойынша, 28 қаңтарда Бішкектегі мектептердің бірінің оқушылары қоқыс контейнерінде қалып қойған сәбиді тапқан.

Оқиға Интергельпо көшесінде болған. Сәбиді сөмкеге орап, қоқыс жәшігіне тастап кеткен. Тәртіп сақшылары сәбидің анасының жеке басын анықтауда. Қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін дәрігерлер нәрестенің жағдайын тұрақты, бірақ ауыр деп бағаланып, жансақтау бөлімінде болған.