"Болашақ" стипендиясының мемлекеттік қызметшілерге арналған мүмкіндігі қандай?
Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хатшысы "Болашақ" стипендиясының мемлекеттік қызметшілерге арналған мүмкіндігі жайлы мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Жаңа қағидада мемлекеттік қызметшілерге арнайы бөлек бағыт қарастырылған. Ол былай, яғни сіз мемлекеттік қызметте 3 жыл тәжірибеңіз болса, магистратурада оқи аласыз. Одан бөлек, мемлекеттік қызметшілерге тіл курсы қарастырылған және соңғы 3 жылыңыз сіздің мемлекеттік қызметте немесе еліміздің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінде өтелген болса, Болашақ стипендиясына мемлекеттік қызмет бағыты бойынша үміткер боласыз. Тағы бір айта кетер жайт, мемлекеттік қызметшілерден бөлек, Болашақ стипендиясын тәмамдаған түлектер еліміздің шетелдегі халықаралық ұйымдардағы өкілдіктерінде қызмет ете алады. Осылайша Болашақ стипендиясын бітіргеннен кейін, Қазақстан мүше болып табылатын БҰҰ, ТМД, ШЫҰ секілді ұйымдарда жұмыс істеп, өзінің оқудан кейінгі былайша айтқанда, отработка дейміз ғой. Сол отработканы жаба алады,- деді Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хатшысы.