Қырғызстанда ауылшаруашылық жануарларын экспорттауға уақытша тыйым салынды
Қырғызстанның Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігіне қарасты ветеринарлық қызмет ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттауға рұқсат беруді тоқтатқанын мәлімдеді,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтерге сәйкес, ірі қара малды, ұсақ малды және жылқыларды үшінші елдерге экспорттау уақытша тоқтатылды.