Жаңалықтар

Президент БАҚ өкілдерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Президент бұл мерекенің елімізді дамыту жолында қызмет етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі екенін атап өтті,- деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

“Қадірлі баспасөз қызметкерлері! Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын! Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді. Аға буынның сара жолын қазіргі кәсіби журналистер лайықты жалғастырып келеді. Олар шынайы ақпарат таратып, жалпыұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға белсене атсалысып жүр. Газет-журналдарымыз алдағы уақытта да жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін. Баршаңызға шығармашылық шабыт, бақ-береке тілеймін!”, – делінген хабарламада.