Әлем

Судандағы Омдурман базарына артиллериялық оқ атылып, 56 адам қаза тапты

Суданда Омдурмандағы көкөніс базарын артиллериялық атқылау мен әуе шабуылынан кем дегенде 56 адам қаза тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы aljazeera сайтына сілтеме жасап.

Мәліметтер бойынша, сенбі күнгі шабуылда кем дегенде 158 адам жараланған.

Мәдениет министрі және үкімет өкілі Халид әл-Алейсир шабуылды айыптап, құрбандар арасында көптеген әйелдер мен балалардың бар екенін айтты. Оның айтуынша, шабуыл жаппай қырып-жоюға себеп болды.