Алматыдағы қонақүйлердің бірі өртенді
Бүгін 112 пультіне Алматы қаласы Медеу ауданы Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан қонақ үйлердің бірінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті,- деп хабарлайды newsroom.kz
Өрт сөндірушілер келгеннен кейін, түтіннің 3 қабатты қонақ үйдің жертөлесінде шыққанын анықтады. Қонақ үй қызметкерлері келушілерді үй-жайдан шығарып үлгерді. Өрт ошағын анықтау үшін барлау жүргізіліп, өрт сөндіру оқпандары енгізілді.
Қабылданған шаралармен 8 ш.м. бу бөлмесіндегі өртті құтқарушылар келген сәттен бастап 16 минут ішінде оқшауландырып, содан кейін толық сөндірді. Өрт орнында келушілерге жылыту пункті ұйымдастырылды.