weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 мамыр, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның бірінші кезекте қай елдермен әуе қатынасын ашатыны белгілі болды

Қазақстанның бірінші кезекте қай елдермен әуе қатынасын ашатыны белгілі болды

Қазақстанның бірінші кезекте қай елдермен әуе қатынасын ашатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев халықаралық әуе рейстерін жандандыруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап. «Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысында Сыртқы істер министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігіне бірлесе отырып, бірнеше халықаралық әуе бағыттарын қайта ашу бойынша жұмыс жүргізуге тапсырма берілді.    width=   Соның ішінде бірінші кезеңде COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайының классификациялық деңгейіне сәйкес, Оңтүстік Корея, Қытай және Әзербайжан кірді. Біз аталған мемлекеттердің авиациялық басқармаларымен әуе рейстерін жандандыру мүмкіндігін енді пысықтауды бастап жатырмыз», - деді Т. Ластаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның сөзіне қарағанда, екінші кезеңде эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейіне байланысты Түркия, БАӘ, Германия, Таиланд және Чехия қарастырылады. «Атап өтер жайт, бұл рейстер ертеңнен бастап ашылмайды. Олар эпидемиологиялық жағдайға байланысты және барлық инстанциялармен келісу дәрежесіне қарай жанданады. Рейстердің нақты ашылуы күні туралы қосымша хабарлаймыз», - деді Талғат Ластаев.