Әлем

Ресейде орыс тілін білмейтін балалар үшін мигранттарға айыппұл салынуы мүмкін

Ресейдегі мигранттардың балалары орыс тілінен емтихан тапсыра алмаса және және мектепке барса, оларға айыппұл салынады. Тиісті заң жобасын Ресей Федерациясының Білім министрлігі дайындады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Баланың орыс тілін білуі оқуды аяқтау үшін жеткіліксіз деп санауға негіз болса, ол қайталама емтиханға жіберілуі мүмкін.

Айта кетелік, Мемлекеттік Дума 2024 жылдың 11 желтоқсанында тиісті заңды қабылдады. Федерация Кеңесінің ғылым, білім және мәдениет комитеті орыс тілін білмейтін шетелдік азаматтардың балаларын мектепке қабылдауға тыйым салатын заңды мақұлдауды ұсынды. Құжат 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енеді деп күтілуде.