Әлем

Қытайда бала отшашуды канализацияға лақтырып, жарылыс тудырды

Қытайда бала отшашуды атқылап, канализацияны жарып жіберді. Бақылау камерасына түсіп қалған видеоны Daily Mail басылымы жариялады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Оқиға Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы Чифэн қаласында болған. Кадрларда баланың кәріз қақпағына жағылған отшашуды қойып, артынан күшті жарылыс болғанын көруге болады.

Полицияның мәліметінше, өрт отшашу мен кәріз оқпанында жиналған метан арасындағы реакциядан туындаған.