АҚШ-тан қанша шетелдік азамат депортацияланады?
АҚШ-та әртүрлі елдерден келген 1 445 549 шетелдік азаматты елден шығару жоспарлануда,- деп хабарлайды newsroom.kz
Бұл адамдар қамауда емес, бірақ оларға қатысты депортациялау туралы түпкілікті шешім қабылданған. Сонымен қатар, тізімде енді жоқ елдер - КСРО мен Югославия аталды. Мұндай төлқұжаттары бар азаматтар қазіргі уақытта өз аумақтарын алып жатқан мемлекеттерге депортацияланады.
Депортацияға ұшырағандардың арасында Мексика (252 044), Гватемала (253 413), Гондурас (261 651) және Сальвадор (203 822) азаматтары көш бастап тұр.
Қытайдың атынан депортация туралы соңғы шешім шығарылған 37 908 азамат бар. Бұл тізімге Орталық Азия елдерінің де азаматтары енген: Қазақстан (369), Қырғызстан (319), Тәжікстан (149) және Түркіменстан (40).
Айта кетелік, АҚШ-та қамауда емес құжатсыз иммигранттар саны 2021 жылы 3,7 миллионнан 2022 жылы 4,8 миллионға жуықтап, 2023 жылы 7 миллионнан асты.