Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 15:07 / Перизат Ілес / Әлем

Қай елдер Tik Tok қолданбасына тыйым салған?

Tik Tok қолданбасына тыйым салған елдерді назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қай елдер Tik Tok қолданбасына тыйым салған?
Фото: Baq.kz

TikTok әртүрлі елдерде қауіпсіздікке, деректердің құпиялылығына және моральдық аспектілеріне байланысты шектеулерге ұшырайды.

Үндістан: TikTok ұлттық қауіпсіздікке байланысты 2020 жылдың маусымында тыйым салынған.

Ауғанстан: 2022 жылы қолданба жастарды «адасудан» қорғау үшін бұғатталды.

Пәкістан: TikTok-қа «орынсыз және ұятсыз» мазмұнға байланысты бірнеше рет уақытша тыйым салды.

Сомали: 2023 жылдың тамызында билік «әдепсіз мазмұнның» таралуын болдырмау үшін қолданбаны бұғаттау жоспарын жариялады.

Өзбекстан: 2021 жылдан бастап жеке деректер туралы заң сақталмағандықтан TikTok-қа кіру шектелген.

Сондай-ақ, Еуропалық Одақ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландияда  тыйым салу деректер қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылыққа байланысты 2023 жылы енгізілген.

Солтүстік Корея және Түркіменстан: Бұл елдерде тек TikTok ғана емес, сонымен қатар көптеген әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен хостинг қызметтері бұғатталған.

Айта кетелік, TikTok Қытайдың өзінде қол жетімді емес. Оның орнына жергілікті заңдар мен мәдениетке бейімделген ұқсас жергілікті қолданба қолданылады.