1-ші ақпанға арналған валюта бағамы қандай?
Ұлттық банктің 1 ақпанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 518,14 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 537,57. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды.
Қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,2 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521,5 теңге. Еуро 537,6 — 541,8 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516,2 теңге, сатып алу құны — 522 теңге. Еуро 537,5 теңгеден сатылып, 544 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17 — 5,30 аралығында саудаланып жатыр.