Әлем

АҚШ-та медициналық ұшақ апатқа ұшырады

Филадельфияда Jet Rescue санитарлық авиация компаниясының Learjet 55 жедел жәрдем ұшағы тұрғын үйлерге құлады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мәліметтер бойынша, Ұшақ әуежайдан ұшып шығып, 30 секундтан соң құлаған.Бортта 6 адам болған: 2 пилот, дәрігер, фельдшер, науқас және оның анасы. Бәрі Мексика азаматы. Пациент АҚШ-та емделіп, анасымен үйіне қайтып бара жатқан.

The New York Times мәліметіне сәйкес, ұшақ сауда орталығының маңында құлаған - ұшақ құлаған жерде алапат өрт шығып, көліктер мен үйлерді шарпыған.

"Тірі қалғандар туралы бізде ешқандай ақпарат жоқ, ал жалынның қарқынына, қирандылар мен апат түріне қарап, аман қалғандар барына күмәніміз бар", - деді басылымға Jet Rescue Air Ambulance жедел жәрдем қызметінің өкілі Шай Голд.