Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады. Ал күндіз еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі,- деп хабарлайды newsroom.kz
Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде антициклонның жотасының әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ, бұрқасын соғып, жел күшейеді деп болжанып отыр.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді.
• Астанада күн ала бұлтты, қар жауады. Күндіз ауа температурасы 0, -2°C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, таңертең және күндіз 15-20 м/с.
• Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы -4-6°C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.
• Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы -+4+6°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.