Шоубиз

Сүрені рэппен оқыған қазақ қызы: ҚМДБ мәлімдеме жасады

Қазақстанның мұсылмандар діни басқармасы Құран сүресін рэп етіп оқыған блогерге қатысты мәлімдеме жасады

Бұған дейін әлеуметтік желіде Juzzeffina лақап атты блогер Жұлдыз Жауынбаева Құран аяттарын рэппен оқимын деп, қатаң сынға қалған. Желі қолданушылары оны өткір сынады,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті болған Құран Кәрімді өртеу оқиғасына қатысты бейне материал таралуда. Ең өкініштісі, бұл әрекет әлеуметтік желі қолданушылары үшін челлендж секілді ұсынылып отыр. Сондай-ақ отандық блогердің Құран аяттарын, нақты айтқанда «Мағун» сүресін әлдебір мерекелік кеште оқыған видеосы жарияланды. Контентті ұсынушылар «Блогер мас күйінде Құранды рэп қылып оқып, жұртты шошытты» деп жазды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұндай шектен шыққан әрекеттерге алаңдаушылық білдіреді және олардың ісін қатаң айыптайды, сонымен қатар азаматтарды бүлікшілердің арандатуына алданып қалмауға үндейді, дейді ҚМДБ ресми өкілі Ағабек Қонарбайұлы. 
 

Блогер барша мұсылман халқынан басын иіп кешірім сұраған болатын. “Сіздердің ешқандай бұл жерде кінәларыңыз жоқ, сіздерге жалған ақпарат беріп, миларыңызды улаған” деді. “Мақтанып қалайын” деген ниетім үшін күйіп отырмын деді ол.