Жаңалықтар

«Штрафстан деп қатты кетіппін» — әйгілі депутат сөзін қайтып алды

ҚР Мәжіліс депутаты Азат Перуашев елімізді «штрафстан» деп атау қателікпен тең болғанын айтты

Мәжіліс кулуары кезінде журналистер Азат Перуашовқа елімізді «штрафстан» деп атаған сәтін есіне түсірді,-деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі. 

Мен Қасым-Жомарт Кемелұлымен келісемін. Бізде өз елімізден басқа ел жоқ. Біздің сөзімізді басқалардың қалай қабылдайтынын ескеруіміз керек. Біздің мәселені шешу кезіндегі ісіміз бөлек, ал оны шешу үстінде әрекетіміздің мемге айналғаны бөлек. Біз елге шетелдік инвесторлардың, туристердің келуіне мүдделіміз. Олар жаман елге бармайды, өздерін құрметтейтін және мақтан тұтатын елге барады. Ал біздің мақтана алатын көп нәрсеміз бар", - деп түсіндірді депутат.

Депутат елімізді «штрафстан» деп атаған термины қате болғанын атап өтті.