«Самса қатын емес, екеуін ал»: Алматыда жарнама дауға ілікті
Алматы әкімдігі самса сататын дүкендердің бірінен қоғам арасында арандатушылық салатын жарнаманы алып тастады
Tengrinews.kz оқырманы өзінің ашуын тудырған жарнаманың суретін редакцияға жіберді. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды.
Жарнамада «Самса қатын емес, қорықпай екеуін ал»,-деп жазылған екен.
«Сәлеметсіз бе! Мен бұл жарнаманы самса сататын жердің қасынан көрдім. Жарнаманы алып тастау үшін қайда хабарласа аламын? – деп сұрады оқырман.
Қалалық әкімдік шағымды назарға алып, кейін өз жауабымен оралды: белгі алынып тасталды.