Жаңалықтар

14 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде ұшақпен тегін қатынайды

14 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Newsroom+ ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сілтеме жасап.  width= «Иә, ата-аналарымен бірге ел ішінде саяхаттайтын 14 жасқа дейінгі және 14 жасқа толған балалар ұшақпен тегін қатынай алады. Бұл ретте ата-аналардың біреуі тек 2 баланы ғана тегін алып жүре алады. Шетелдіктер балаларға мұндай жеңілдік жүрмейді. Бұл тек қазақстандықтарға ғана қатысты», - деді ҚР Спорт және мәдениет министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.